Туыстық некеге тыйым салынғаннан кейін үйленгендер қарасы күрт артқан
|

Әзірбайжанда ұрпақ қамы үшін, дәлірегі,құрсақтағы шараналардың бойындағы генетикалық ауытқудың, соның ішінде, туабітті, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу үшін туыстық некеге тыйым салынады. Заң жүзінде. Осыған байланысты аталған елде үйленгендер қарасы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда күрт артып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы media.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекеттік статистика комитеті келтірген дерекке қарағанда, өткен жылдың алғашқы екі айында (қаңтар-ақпан) 6 739 жұп неке қидырса, биыл аталған мерзімде (қаңтар-ақпан айларында) шаңырақ көтерген жұп саны 7741-ге жеткен. Үзейір Шәпиев есімді әлеуметтанушының айтуынша, бұл құбылыстың немесе үрдістің астарында таяуда туыстық некеге заң жүзінде тыйым салынатыны жатыр. Яғни, туыстық некеге салынатын тыйым қолданысқа енетін мерзімінің жақындауы осынау үрдістің белең алуына түрткі болған. Осы орайда Әзірбайжанда туыстық некеге (бөле бауырлары мен сіңлілердің, соның ішінде әкесінің балалары ағасының балаларымен, анасының әпке-сіңлілерінің балалрымен, т.б.) салынған тыйым осы жылдың маусым айының 1-де күшіне енетінін айта кетпекпіз.




