Тыйымның орнына экспорт: Конго қатаң квотамен табиғатта сирек кездесетін металды шетелге сатуға рұқсат берді
Тыйымның орнына экспорт: Конго қатаң квотамен табиғатта сирек кездесетін металды шетелге сатуға рұқсат берді
2 ай бұрын 480 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Miners work at the D4 Gakombe coltan mining quarry in Rubaya, Democratic Republic of Congo, on Friday, May 9, 2025. (AP Photo/Moses Sawasawa) © AP Photo

Күллі әлем бойынша кобальттың аса ірі өндірушісі Конго демократиялық республикасы келесі айдың орта шенінен бастап табиғатта сирек кездесетін аталмыш металл экспортына қойылған шектеуді алып тастайды. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Конгоның стратегиялық пайдалы қазба басқармасы мәлімдегендей, жыл сайын қатаң квота енгізу арқылы аталмыш металдың жаһандық жеткізу тізбегін бақылауға алады. Осы жылдың соңына аталған ел билігі дейін тау-кен өнеркісібінің компанияларына электрмен жүретін автокөлік қозғалтқышының негізгі материалы – кобальттың 18125 мың тоннасына дейін эксопрттауға рұқсат берді. Жылдық шектеу – 96 000, яғни, жылына 96 мың тоннаға дейін экспорттауға рұқсат беріледі. Ақпан айында кобальттың бағасы төмен түсіп кетті. Бұл жайт кобальт өндірушілерінің, соның ішінде Glencore тау-кен өнеркәсібінің алыбының шығынын арттырды. Осыған байланысты кобальт экспортына уақытша тыйым салынды. Осылайша Конго билігі бұл нарыққа бақылауды күшейту, бағаны қалпына келтіру, өндірушілерді қолдау мақсатында осындай шектеу қоюға тура келді. Конгодағы пайдалы қазбаларды қолдан өндіру секторы айтарлықтай деңгейде реттелмейді, жаһандық қадағалану және жеткізушілерді таңдау үшін проблема болып қалуда. Реттеуші тарап кобальт экспортының 10% -ы енді стратегиялық ұлттық жобалар үшін сақталатынын және ол компаниялар квотасынан асатын кез келген қорды сатып ала алатынын мәлімдеді. Квоталар нарықтағы ахуалдарға немесе жергілікті қайта өңдеудің барысына байланысты өзгеріп отыратын болады бұдан былай. Конгоның жаһандық кобальт нарығындағы үлесі 70%-дан асады. Осы орайда Африка құрлығының қойны-қонышы табиғатта сирек кездесетін минералдарға бай екенін айта кетпекпіз. Африка құрлығында кобальттың әлемдік қорының 55%-ы бар; графитти – әлемдік қордың 21%-н құрайды; марганец - 47% (әлемдік қордағы үлесі); никел - 5%. Бұдан бөлек, осы заманғы озық технологияға ауадай қажет лития мен мыстың едәуір қоры кездеседі. Оңтүстік Африка мен Зимбабве аумағында платиналық металдың әлемдік үлеске шаққандағы қоры 90%-ға жетеді. Угандада уран, мыс, алтын, күміс, мырыш, т.б. кездеседі. Он жылда (2035 жылы) табиғатта сирек кездесетін металдар нарығындағы айналым 46 млрд долларға жетпек. Табиғатта сирек кездесетін металдар бойынша жаһандық бәсекелестіктің басты ойыншыларына  осы ресурстардың едәуір қорына ие немесе оларды өндіруге, қайта өңдеуге және пайдалануға белсенді қатысатын мемлекеттерді жатқызамыз. Мәселен, Қытай (әлемдік өндірістің 80% астамын және табиғатта сирек кездесетін металдардың экспортын бақылайды). Бұдан бөлек, отаршылдықтың зардабынан Африка құрлығы әлі күнге құтыла алмай келеді – бұрынғы өзін отарлаған елге сауда-саттық пен қаржы жағынан әлі тәуелді десе де болады. Соңғы он жылда батыс елдерінің Африка құрлығынан әкеткен шикізат орташа есеппен алғанда жылына 1 трлн доллардан асып кеткен. Африка құрлығы батыс елдерінен пайызы жоғары несие алуға мәжбүр. Өндірісті жүргізу үшін. Африка елдерінің пайдалы қазбадан түскен табысының көп бөлігі тек қарызды жабуға кетеді. Африка елдері батыстан әділдікті талап етуде. 2023 жылы Ганада Африка одағының халықаралық жиыны өтті. Кезіндегі құл саудасы үшін батыс елдерінен 100 трлн доллар өтемақы талап етті.

0 пікір
Мұрағат