|
Уәдесін орындамақ болған әйел мүгедек сегіз баланы асырап алды (фото)
|
Дағыстан тұрғыны Мадинат Шахбулатова 8 мүгедек баланы асырап алды.
Ол өзі ұлының аман қалғаны үшін құдайға тәубе етіп, осындай қадамға барған, деп хабарлайды stan.kz порталы sputniknews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
Бірнеше жыл бұрын ұлы Рамазан арнайы операция кезінде ауыр жарақаттанып, өмір үшін күреседі. Сол кезде Мадинат осыдан балам аман қалса, ата-анасы тастап кеткен балаларды асырап алам деп құдайға жалынады. Ұлы жарты жыл ауруханада жатып емделіп шықты.
Сондықтан анасы алдымен үш баланы, кейін бес баланы асырап алды. Олардың бәрі мүмкіншілігі шектеулі жандар.

“Анам осылай серт берді, сонықтан оны орындағанын дұрыс деп санаймын”, – дейді ұлы.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады