|
Ультраортодоксалдарға алғаш рет жеке қала салынады
|
Израилде әсіредіншіл еврейлерге (ультраортодоксал) жаңа қала салынады. Арад жазығында қадасы қағылып, іргетасы қалана бастаған қала Касиф деп аталады Бұл жайында islam.kz порталы detaly.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израилдің жоспарлау және құрылыс жөніндегі арнайы комиссиясы бұл тараптағы жобамен жан-жақты танысып, жүзеге асуына рұқсатын берді. 20 мың тұрғын үй мен 350 мың шаршы метрді қамтитын сауда алаңы болатын бұл елді-мекенде өз медициналық мекемесі, ғылыми орталығы, технология алаңы болады. Жоспар бойынша Касифте шамамен 100-125 мың ультраортодоксал еврей тұрады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды