Ұлыбритания виза беруден бас тартады
Ұлыбритания виза беруден бас тартады
17 күн бұрын 361 24.kz kaz.inform.kz

Ұлыбритания Африканың бірқатар еліне бұдан былай виза бермеуі мүмкін, деп хабарлады 24.kz 

Тізімде Намибия, Конго Демократиялық республикасы мен Ангола бар. Бұл мемлекеттердің билігі Ұлыбритания аумағында заңсыз жүрген 4 мыңға жуық отандасын қайтарудан бас тартқан көрінеді. Бір ай көлемінде депортация мәселелері жөнінде құзырлы органдармен ынтымақтастықты күшейтпесе, осы елдердің азаматтарына виза беру қатаңдатылады, тіпті біржола тоқтатылуы мүмкін деп хабарлады Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігі.

Ұлыбритания билігі мигранттардың зергерлік бұйымдарын тәркілеуі мүмкін

KAZINFORM — Ұлыбритания билігі заңсыз мигранттардың тұру ақысы ретінде олардың зергерлік бұйымдары мен басқа да мүлкін тәркілеуді бастауы мүмкін, деп хабарлайды Financial Times.

Басылымның хабарлауынша, бұл идея қаражаты бар мигранттардың өз күнін өзі көруіне, шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Алекс Норрис бұл шара неке сақиналары сияқты зергерлік бұйымдарға әсер етпейтінін түсіндіріп, шекарада бағалы әшекейлер тәркіленбейтінін айтты.

— Егер біреу алтын сақинаға толы чемоданмен келсе, онда жағдай басқаша болады», — деді ол.

Осыған дейін Ұлыбританияда босқын мәртебесін беру саясатын қатаңдатуды жоспарлап отыр.

Динара Маханова

 

 

 

 

0 пікір
Мұрағат