Ұлыбританияда ақ адамдар азшылыққа айналып барады
Ұлыбританияда ақ адамдар азшылыққа айналып барады
29 күн бұрын 776 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биыл ағылшын мектептерінің төрттен бірінде тегі британиялық оқушылар азшылыққа айналды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол ол ма, ел аумағындағы мектептердің 72-де бірде-бір тегі британдық оқушы қалмаған. Тағы 454-де барлық оқушылардың санына шаққанда 2%-на жетер-жетпес. Негізінде Тұманды Альбион мектеп қабырғасында, әсіресе, Лондон, Бирмингем, Манчестер мегаполистерінде мигранттардың балалары көпшілікке айналған. Бір ғана Лондон қаласындағы мектептерде білім алып жүрген  арасында тегі британиялық оқушылар қарасы 37%-дан аспайды. Ал азиялықтар мен қара нәсілділер Лондон тұрғындарының жартысыне жетіп қалған. 2023 жылы Англия мен Уэльстегі ұл балалардың арасында Мұхаммед есімді балалар саны бірінші орынға шыққан.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3