|
Ұлыбританияда талдырмаш әйел жүк көлігін орнынан қозғалтты
|
Ұлыбританияда елдің ең мықты азаматшасы табылды. 31 жастағы салмағы небәрі 54 келі Кэтрин Бартлетт 160 келілік заттарды көтеріп, жүк көлігін орнынан жылжыта алады. Бұл жайында нұр.кз ақпарат көзі хабар таратты.
Кэтриннің спортпен айналысып келе жатқанына үш жыл. Нәтижесі де жаман емес. Саутгемптон тұрғыны, екі баланың анасы спорт үшін шаштараздық жұмысын тастаған, деп жазды Daily Mail.
Кэтриннің сөзіне қарағанда, ол теледидар арқылы жарыстарды көріп, спорттың бұл түріне қызыға бастаған.
Енді ол Ұлыбританиядағы сындарға ғана қатысып қоймай, сонымен бірге еуропалық және әлем чемпионаттарында бағын сынап жүр екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады