|
Ұлының мәрттігі үшін әкесінің 1 миллион қарызын кешірді
|
Әбдіраһман әл-Сабайһи есімді Сауд Арабиясының заңгері әлеуметтік желіде өзгеше жайтты жазыпты: Саудиялық бір қарт кісі несие берушіден 1 млн риал қаржы алған. Алайда, ол ұзақ уақыт өтсе де қарызын қайтара алмаған. Борышкердің ұлы әкесінің қарызын төлеу үшін қолынан келген көмегін аямаған. Жеткілікті қаржыны таба алмаған соң үйін сатуға бел буған. Оның бұл әрекетін байқаған несие беруші ұлының мәрттігі үшін әкесінің қарызын кешірген көрінеді. Әлеуметтік желіде бұл жайт ешкімді де бей-жай қалдырмады. «Ұлы да, қарыз беруші де қоғамға өнегелі үлгі көрсетті», «Несие беруші әкесіне жақсы қарағаны үшін ұлын есіркеді. Екеуін де Алла жарылқасын»,- деп тілектерін білдіріпті пікір жазғандар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді