Үнді мұсылмандары үшін қасиетті сапарға аттануына мүмкіндік беретін инновация: ұшақ билетін өз бетінше брондау тетігі пайда болды
Үнді мұсылмандары үшін қасиетті сапарға аттануына мүмкіндік беретін инновация: ұшақ билетін өз бетінше брондау тетігі пайда болды
2 сағат бұрын 50 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістанның қажылық комиеті қажыларға қызмет көрсетудің бірегей жобасын іске қосады: алдын ала ұшаққа орын брондаудың онлайн мүмкіндігі пайда болады. Бұл жайында islam.kz порталы hajjreporters.com  cайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қосымша бастама қажыларға қалаған уақытында және қалаған әуе компаниясының қызметіне жүгініп, қасиетті сапарға аттануына мүмкінждік береді. Брондау терезесі осы жылдың қаңтар айының 29-нан бері ашық тұр. ҚажыларHCoI (hajcommittee.gov.in) ресми сайты немесе Haj Suvidha мобилді қосымшасы арқылы ұшаққа орын брондай алады. Аталған қосымшаларды пайдаланатын адам өзінің тіркелген нөмірін және PIN-кодын қолдануы тиіс. Ол осылай еткенде есепке алынады. Тек қажылық қаражатын төлеген адам ғана портал қызметіне жүгіне алады. Нақты бір рейсті таңдаған соң қасиетті сапарға аттанатын күнін немесе тасымалдаушыны өзгерте алмайды.

0 пікір
Мұрағат