Үнді радикалдары жермен-жексен еткен тарихи мешіттің орнына пұтхана тұрғызылатын болды
Үнді радикалдары жермен-жексен еткен тарихи мешіттің орнына пұтхана тұрғызылатын болды
8 ай бұрын 764 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди  16-шы ғасырды салынған әрі 1992 жылдың желтоқсан айының  6-ы күні 150 мың тобырдан тұратын үнді радикалдары жермен-жексен еткен тарихи мешіттің орнына жаңа пұтхана тұрғызылатынын мәлімдеген еді. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша үнді премьері осыдан он жыл бұрынғы сайлау алдындағы уәдесін орындамақ. Рам Жанмабхуми Мандир деп аталатын пұтхана Бабыр Мәжіт мешітінің орнына тұрғызылатын болды. Үнді ұлтшылдары 1527 жылы алғашқы моғол импоераторы, әлемге әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің немересі Бабырдың әмірімен тұрғызылған мешіт Рама дүниеге келген сарайдың орнына салынған деп есептейді.

Ұқсас материалдар:

«Үнді радикалдары тағы бір тарихи мешітті «заңмен қудалауға» көшті» (https://islam.kz/kk/news/alem/undi-radikaldary-tagy-bir-tarihi-meshitti-zanmen-qudalauga-koshti-18993/#gsc.tab=0);

«Мешіттерді қиратып, орнына пұтхана салып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/meshitterdi-qiratyp-ornyna-puthana-salyp-jatyr-video-12705/#gsc.tab=0);

«Үнді ұлтшылдары ислам құндылықтарын жоққа шығару үшін ел тарихын қайта жазуға талпынуда» (https://islam.kz/kk/news/alem/undi-ultshyldary-islam-qundylyqtaryn-joqqa-shygaru-ushin-el-tarihyn-qaita-jazuga-talpynuda-17597/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат