|
Үнді соты мұсылман тәртіп сақшыларына сақал өсіруге рұқсат етті
|
Үндістанда сот Тамилнад штатындағы мұсылман полиция қызметкерлеріне қызмет барысында сақал қоюға рұқсатт берді. Тек бір шартпен: сақал ұқыпты әрі күтіп өсіруі тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bar and Bench ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мадрас Жоғарғы сотының сот төрағасы Виктория Гоури өз шешімінде Үндістанның көп конфессиялы ел екенін айта келе полиция департаменті оның қызметкерлерін діни сенімдеріне сәйкес сақал қойғаны үшін жазалай алмайтынын айтты. Үнді сотының бұл үкімі қасиетті Меккеден оралған полиция қызметкерін өзінен шені үлкен қызметкердің сақал өсіргені үшін жазалаған әрекетінен кейін шықты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу