Үндістанда 25 млн-дай адам уранмен ластанған су ішуге мәжбүр
|

Үндістанның Карнатака штатының шығысындағы жерасты суы әлемдегі ең қауіпті элементпен ластанған – су құрамындағы уран пайдалануға рұқсат етілетін мөлшерден жүз есе асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Environmental Science & Technology мерзімді басылымына сілтеме жамсай отырып мәлім етеді. Үнді ғалымдары бұл тарапта ауқымды, изотопты зерттеу жүргізе келе аталған мекендегі жерасты суының өнеркәсіп қалдықтарынан емес, топырақтың гранитіндегі табиғи процестен ластанғанын анықтады. Сараптамадан өткен 46 ұңғыманың 78 пайызында уран рұқсат етілген нормадан асып кеткен. Бұл көрсеткіш америкалық ғалымдардың нұсқасы бойынша, ал 66 пайызында үнді стандарттары бойынша асып кеткен. Бір аймағында уран деңгейі шамамен литріне 2750 мкг-ге жеткен. Геохимиялық талдау нәтижесі көрсеткендей, бұл өңірде уранның топырақ жыныстарынан шайылуына ықпал ететін тотығу процесі басым, ал жекелеген аймақтарда ол, керісінше, ерімейтін түрге өтеді әрі шөгеді. Ең қорқыныштысы – бұл жерасты суын осы өлкеде 25 млн адам тұтынады. Күн сайын ауызсу ретінде пайдаланады. Уран организмде бүйрек пен өзге де ішкі, маңызды ағзаларды зақымдайды.




