|
Үндістанның Пәкістанға қысастығы...
|
Бір-бірімен қырғи-қабақ көрші елдер арасындағы қатынас ушығып кетті. Кашмир дауынан бөлек, таяуда, дәлірегі, ақпан айының 14-і күні Жамма мен Кашмирде орын алған теракт екі елдің арасындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді. Үндістан Пәкістанмен 1960 жылы жасалған су келісім-шартында қарастырылған талаптарды орындаудан бас тартпақ. Екі елдің арасында бекітілген аталмыш келісім-шарт бойынша Пәкістан Инда өзенінің солтүстік құйылмасының суын пайдалану құқығына ие болған еді. Бұл жайында Үндістанның су ресурсы және көлік министрі Нитин Гадкари Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында мәлім етті. Осылай дей келе ол Пәкістанға жіберілетін суды Пенжабтағы, Кашмирдегі, Жаммадағы үнділерге бұратынын жеткізіпті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
■
Қазақстан Орталық Азияда «жұмсақ күш» жаһандық рейтингінде көш бастады
■
Цифрлы төлем жүйесі туралы аз-кем дерек
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды