|
Үш ірі мұсылман елі жаудан бірігіп қорғануды қарастыратын стратегиялық құжатқа қол қояды
|
Бүгін, тамыз айының 7-і күні Саудияның Жидда қаласында Пәкістан, Түркия және Сауд Арабиясы қорғаныс келісіміне қол қояды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agensy ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қауіпсіздік саласындағы стратегиялық құжатқа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Пәкістан премьер-министрі Шабқаз Шәріп және тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман қолдарын қояды. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мұсылман мемлекеттерінің «НАТО»-сы атап кеткен одақ жарғысына сәйкес аталған үш елдің біріне сырттан қауіп төнген жағдайда немесе осы үш елдің біріне шабуыл жасалғанда бір-біріне әскери, саяси, дипломатиялық, экономикалық жәрдем көрсетеді. Соның ішінде Түркия мен Саудия Пәкістанның жаппай қырып-жоятын ядролық қаруына қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді. Пәкістанның қорғаныс министрі Хауаж Әсіп бастапқыда Саудия мен Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне Түркия мен Катардың қосылу мүмкіндігін алға тартқан болатын. Саудия мен Катар аталмыг ұйымның қызметін қаржыландырса, Түркия мен Пәкістан әскери әлеуеті арқылы нығайтады. Осылайша геосаяси ахуал ушығып тұрған сәтте мұндай одақтың стратегиялық маңызы артады.