Ұшу қашықтығы 100 шақырымнан асатын зениттік зымыран тік ұшыру жүйесінен сәтті ұшырылды (видео)
Ұшу қашықтығы 100 шақырымнан асатын зениттік зымыран тік ұшыру жүйесінен сәтті ұшырылды (видео)
2 ай бұрын 1058 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түріктер қорғаныс саласында тағы бір елеулі жетістікке жетті. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қорғаныс өнеркәсібінің жетекшісі Халық Керкүн әлеуметтік желіде мәлімдегендей, MİDLAS жүйесінің көмегімен ұлттық ресурстарды пайдалана отырып әзірленген SIPER 1-D басқарылатын зымыранын сынақтан сәтті өткен. Осы жетістіктің арқасында түріктер өз кемесінен және ұшыру қондырғысынан алыс қашықтықтағы өз зениттік зымырандарын ұшыруға қабілетті әлемнің санаулы елдері арасында позициясын нығайтты. MİDLAS ұлттық тік ұшыру жүйесін ROKETSAN және ASELSAN концерндері бірлесіп әзірледі. Аталмыш жүйе 360°-ға ату тиімділігін қамтамасыз ете отырып, жауынгерлік кемелерден басқарылатын зымырандардың түр-түрін тігінен ұшыруға мүмкіндік береді. Жүйе әуе шабуылына қарсы қорғанысты жоспарлау мен үйлестіруден бастап аэрофотосуреттерді алуға дейінгі мүмкіндіктердің кең ауқымы үшін пайдаланылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат