Валютасы құнсызданған елде ақшаны шашуға тыйым салды
Валютасы құнсызданған елде ақшаны шашуға тыйым салды
2 ай бұрын 459 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Айналдырған екі жылда төл ақшасы 70%-ға арзандаған, яғни, құнсызданған Нигерия ұлттық валютаның құлдырауын тоқтататын амал таба алмай отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті валютаның құнсызданғаны соншалық – жанар-жағармай субсидиясы қысқартылды, Орталық банк реформа жүргізіп көрді. Доллар бағамы мен найра (нигериялықтардың ұлттық валютасы – ред.) арасындағы алшақтықты еңсеру үшін билік барлық шараларға барды. Нәтижесі шамалы. Енді биліктің назары тұрмыстық кештер (үйлену тойы, т.б.) кезінде қалыптасқан әдет бойынша қағаз ақшаны шашу етіп мереке иесінің үстінен жаудыратын әрекетіне ауып отыр. Өткен ғасырдан бері бар бұл жоралғы адамның көпшілік жиналған жерде өзінің мәртебесін көрсетіп қалудың амалы ретінде бағаланатын еді. Бұдан былай бұлайша ақша шашқандарға аса ірі мөлшерде айыппұл салынады немесе жарты жылға дейін бас бостандығынан айырады. Нигерияның экономикалық және қаржылық қылмыстар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы ақша шашқандарды жауапкершілікке тарту үшін 2007 жылы қабылданған «ақшаны бүлдіру» немесе «ақшаға билеу» бабын қолдануға көшкен. Осы бап бойынша қазірдің өзінде 24 нигериялық азамат айыпталып үлгерген әрі осыған ұқсас жағдай бойынша 200-ден аса тұлғаның ісі қарастырылайын деп жатыр. Десе де сарапшылар бұл шараның найраның бағамына еш әсері болмайтынын алға тартып отыр. Ал қатардағы нигериялықтар биліктің бұл әрекетін дәрменсіздікке балап, жең ұшынан жалғасқан, тамыры тереңге кеткен жемқорлықпен күресе алмай отырғанын сынға алуда.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3