|
Ватиканда намазхана ашылды
|
Христиан әлемінде және тарихында маңызды рөл атқаратын, күллі католиктің құбыласына айналған орталықта – Ватиканда, дәлірегі, Ватиканның ішкі ауласында орналасқан апостол кітапханасында мұсылмандарға арналған құлшылық бөлмесі ашылды. Бұл жайында islаm.kz порталы өз кезегінде La Repubblica мерзімді басылымына сұхбат берген Жакома Кардиналиге жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Намазхана ашу бастамасын сол қоры бай кітапхана қабырғасында көп уақытын өткізетін ислам ғалымдары көтерген екен. Ватикан әкімшілігі олардың өтінішін орындаған. Қадым заманнан жеткен қасиетті Құран даналары сақталған, ХҮ ғасырда ашылған Апостол кітапханасы Католиктер шіркеуінің негізгі зиялы орталықтарының бірінен саналады. Күллі әлемнің ең ежелгі манускриптер коллециясы жинақталған. Кітапхана барлық діндер мен наным-сенім өкілдеріне есігін айқара ашқан.