Вейпингпен көзге түскен шетелдік елден қуылады және қайта келуіне тыйым салынады
Вейпингпен көзге түскен шетелдік елден қуылады және қайта келуіне тыйым салынады
3 ай бұрын 806 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап оңтүстік-шығыс Азия елінің аумағында вейп тартып, көзге түскен шетелдік елден қуылады әрі қайта келуіне тыйым салынады. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат кзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сингапурдың ішкі істер және денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп әзірлеген жаңа ереже талаптарына сәйкес электронды шылым шегіп ұсталған шетелдік азамат тек елден қуылып қоймай, сонымен қатар, құрылғысы тәркіленеді әрі айыппұл салынады. Тіпті, осы елден нәпақасын айырып жүрген еңбек мигранттары екінші мәрте вейп тартып ұсталса, елден шығарылады. Бұл тарапта шекараны кесіп өткен шетелдік саяхатшыларға Шанғы әуежайында атылмыш ереже талаптары таныстырылады. Сингапур билігінің бұл шарасына қатысты The Straits Timesмерзімді басылымы бұл елде сағыз шайнауға да тыйым салынғанын еске салып өтті. Мұндай тыйымдардың қатарына енді вейпке қатысты шектеу шарасы қосылды. Билік Сингапур шекарасында да бақылауды күшейтуде. Тамыз айының 18-22 күндері аралығында әуе, теңіз және жердегі өткізу пункттерінен 850-ден астам электрондық сигареттер мен олардың компоненттері тәркіленді. Бақылау барысында иммиграциялық қызмет қызметкерлері малайзиялық азаматты Вудлендс бақылау-өткізу пунктінде фургонға салынған 900-ге жуық құрылғыны және 6700-ден астам компонентті контрабандалауға әрекет еткені үшін тұтқындады. Жұмыс берушілерге, жатақханаларда, вейпингтің залалы мен зардабына қатысты  ағартушылық науқаны қолға алынды. Электронды темекнің зияны туралы ақпараттар бірнеше тілде таратылуда.

0 пікір
Мұрағат