Заңның кері күші немесе...
Заңның кері күші немесе...
3 жыл бұрын 1702 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мексиканың жоғарғы соты түсік жасатқан әйелдерді қылмыстық жауапкершіліктен босататын шешім қабылдады. Бұл жайында  islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме асай отырып мәлім етеді. Аталған елдің жоғарғы соты мұндай шешімді жүктілікті жасанды жолмен үзгені үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын Коауила штатының тәжірибесіне, дәлірегі, аталған штат сотының мұндай жазаны конституцияға қайшы деп тапқан үкіміне қарап қабылдады. Соттың дәйегі бойынша жүктілікті үзгені үшін жазалау әйел құқығына қайшы – өз денесін өзі бақылау құқығына қайшы келеді-мыс. Соттың бұл қаулысы түсік жасатуға үзілдің-кесілді қарсы католик шіркеуінің позициясына ауыр соққы болмақ. Бұл елде жүктілікті жасанды жолмен үзгені үшін бірнеше жүздеген мексикалық әйел түрмеде жазасын өтеп жатыр. Олардың дені кедей отбасынан шыққандар. Олардың дені мұндай заңға қайшы қадамға жоқшылықтан барғанын да жасыруға болмайды. Енді қабылданған заңның кері күшін пайдаланып, олар бостандыққа шығарылады. Бір жағынан, жүктілікті жасанды жолмен үзу өз кезегінде аталған елдің медициналық туризмін жандандыруы мүмкін – түсік жасатуға елінде заңмен тыйым салынған көрші елдерден аяғы ауыр әйелдер ағылып келуі мүмкін. Өткен жылдың желтоқсан айының аяқталуына бір күн қалғанда Аргентинада да жүктіліктің 14 аптасына дейін түсік жасатуға рұқсат ететін заң қабылданып кеткенін айта кетпекпіз. Бұл туралы кезінде The Guardian ақпарат көзі хабарлаған болатын. Осылайша Аргентина Оңтүстік америкадағы жүктілікті жасанды жолмен үзуді қылмыс санатынан алып тастаған аса ірі елдердің бірі болды. Дан кейін Уругвай мен Гайана да осындай қадамға барды. Аргетина билігінің мұндай қадамға амалсыздың күнінен баруға мәжбүр болғанын да айта кету керек: заңмен тыйым салынғандықтан астыртын, жасырын түсік жасатушылар қарасы көбейіп кеткен әрі 1983 жылдан бері мұндай операциядан үш мыңндай әйелдің қайтыс болғаны себеп болған еді. Бұдан бөлек, түсік жасатуды полицияның емес, дәрігердің ісі екенін айтып, сынға алғандардың наразылықтары да осындай қадамға баруына әсер еткен еді.

Ұқсас материалдар:

«Тек бір себеппен ғана түсік жасатуға рұқсат етілетін заң забылданды» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/tek-bir-sebeppen-gana-tusik-jasatuga-ruqsat-etiletin-zan-zabyldandy-15700/#gsc.tab=0);

«Түсік пен жасанды жолмен ұрықтандыруды жарнамалауға тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-pen-jasandy-jolmen-uryqtandyrudy-jarnamalauga-tyiym-salyndy-8506/#gsc.tab=0);

«Түсік жасату заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-jasatu-zandastyryldy-14663/#gsc.tab=0);

«Жасанды жолмен түсік жасатуды заңдастырып жіберді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-jolmen-tusik-jasatudy-zandastyryp-jiberdi-13347/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат