|
Заңсыз жолмен білім алған бала үшін ата-анасы жауапкершілікке тартылады
|
Өзбекстанда балалардың заңсыз жолмен діни білім алуы әкімшілік құқық бұзу санатына жатқызылды. Заңсыз жолмен діни білім алған балалардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews апарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған мемлекет басшысы қол қойған заң талаптары бойынша астыртын, яғни, тіркелмеген медреседе білім алған балалардың ата-анасы немесе қамқоршысы тек айыппұл «арқалап» қоймай, сонымен қатар, 15 тәулікке қамалады. Өзбек билігі осылайша өсіп келе жатқан жас ұрпақты кейін ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін күмәнді діни ағымдардан сақтандырмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады