|
Заңсыз келгендерді енді елден құжатсыз қуады
|
Бундестаг Германия аумағына келіп, пана сұрағанымен ол өтініші қанағаттандырылмаған өзге мемлекеттің азаматын елден шығарып жіберуге мүмкіндік беретін заңға енгізілген түзетуді мақұлдады. Яғни, заңсыз мигранттарды депортациялау үшін бұдан былай сол елдің азаматтығы мен мигрант туралы өзге де ақпараттарды күтпейтін болады. Бұл жайында Deutsche Welle ақпарат көзі хабар таратты. Бұған қоса, құқық қорғаушылар ұлт қауіпсіздігіне қатер төндірді деп күдіктенсе, мигранттарды он күн тұтқында ұстауға құқылы. Айта кету керек, осы уақытқа дейін күдіктілерді төрт күннен артық ұстамайтын. Сондай-ақ, Германия аумағына ену кезінде өзі туралы жалған мәлімет берген мигранттардың жүріп-тұру бостандығы шектелетін болады. Ең бастысы, баласы осы елде дүниеге келсе, оған автоматты түрде Германияда қалу туралы заң тармағы өз күшін жойды.