|
Зекеттен түскен қаржы обырмен ауыратындарға жұмсалады
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде емделуге қаржысы жоқ обыр сырқатымен ауыратындарға қажетті қаражат тауып беру мақсатында «Обырмен сырқаттанатындардың досы» (Friends of Cancer Patients Society) деп аталатын зекет жинау науқаны қолға алынды. Өткен жылы 169 пациент зекеттен түскен қаржыны қолдарына ұстаған болатын. Соңғы 15 жылдың ішінде обырмен ауыратын шамамен 950 пациент пен олардың отбасына осынау игі бастамадан түскен қаражат берілген көрінеді. Аталмыш ұйымның құрылуына ықпал еткендердің бірі – Әмір бен Карамның айтуынша, зекет – осы елдегі обырмен ауыратындарға қаржылай көмектесудің негізгі қаржы көзі болып табылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады