Зерттеу: 2050 жылға қарай әлемдегі егістік алқаптарының 84%-на су жетіспейтін болады
|

Қытай ғалымдары ауыл шаруашылығына судың жетіспеушілігіне қатысты болжамның жаңа әдісін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Earth's Future мерзімді басылымында жарық көрген ғылыми мақалаға жөн сілтеген EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тәсілде ауыл шаруашылығына қажетті судың негізгі екі көзіне назар аударған: жауын суы және өзен-көл, арық суы. Климат дағдарысы тереңдеген ауыл шаруашылығына жарамды жерлер сайын қуаңшылықтан жарамсыз күйге түсуде. Яғни, ылғалдың жетіспеушілігінен жердің өнім беру қабілеті төмендеуде. Қытай ғалымдары бұл бағытта әлем бойынша алғаш зерттеу жүргізді. Қытай ғылым академиясының жағрафиялық ғылымдар мен табиғи ресурстарды зерттеу институтының доценті Синсай Людің айтуынша, ауыл шаруашылығы су ресурсын ең көп тұтынатын сала. Соңғы 100 жылда күллі әлем бойынша суға сұраныс екі есе өскен. Су тапшылығы алты құрлықта да орын алуда. Бұл жайт өз кезегінде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Зерттеушілер климат өзгерісі тереңдеген сайын ауыл шаруашылығы үшін жыртылатын жерлердің 84% -на су жетіспейтінін анықтады. Бұл ретте ылғалдың төмеендеуінен топырақ құнарлылығы 60% -ға кемиді. Бұған қоса, жауын-шашын жиілігінің өзгеруі ауыл шаруашылығы алқаптарының 16% -на кері әсер етеді.




