|
Зілзала кезінде мұсылман әйел хижабсыз үйінді астынан шығудан бас тартты (видео)
|
2020 жылдың қаңтар айында Түркияның шығысында аса қуатты жер сілкінісі болды. Талай адам жарақат алып, талай адам опат болды. Құтқару жұмыстары енді саябырсып келеді. Қатын Йамуш есімді түрік әйелі 19 сағат бойы қираған үйдің үйіндісі астында қалған еді. Өрт сөндірушілер оны үйінді астынан шығармақ болған кезде ол алдымен орамалды аузына алды. Егде жастағы әйел үйінді астынан жалаңабас шығудан бас тартты. Видеодан байқалғандай, оның: «Орамал! Орамал әкеліңдер!» деген даусын естуге болады. Бұл жайында орыс тілінде хабар тарататын alif.tv ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды