|
Зимбабве өлім жазасын алып тастады
|
KAZINFORM — Зимбабведе бұрын өлім жазасына кесілген 60 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп жазады Анадолы.
Зимбабве үкіметі президент Эммерсон Мнангагва заңға қол қойғаннан кейін өлім жазасын алып тастағанын жариялады.
Биліктің мәліметінше, бұрын өлім жазасына кесілген 60 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.
Зимбабведе соңғы рет өлім жазасына кесу 2005 жылы тіркелген.
Еске салсақ, осыған дейін Қытай банкінің бұрынғы төрағасы өлім жазасына кесілгенін хабарлаған едік.
Еркежан Смағұлова
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті