2 cекундта 700 шақырым шапшаңдықпен қозғалған пойыз (видео)
2 cекундта 700 шақырым шапшаңдықпен қозғалған пойыз (видео)
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда жылдамдығы тым жоғары көлік саласында жаңа әлемдік рекорд тіркелді. Тәжірибеге арналған пойыз магниттік төсемде жылдамдығы сағатына сағатына 700 шақырымға дейінгі қашықтықты бар-жоғы екі секундта бағындырды. Бұл туралы islam.kz порталы China Media Group ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Өзгеше сынақты аталған елдің ұлттық қорғаныс технологиялары университетінің ғалымдары ұзындығы 400 метр арнайы тест трассасында өткізді. Салмағы бір тоннаға жуық аппарат рекордтық жылдамдыққа жетіп қана қоймай, қауіпсіз тоқтай алды. Бұл осындай платформадағы магниттік левитациядағы көлік үшін ең жоғары көрсеткіш. Маглевтің дөңгелегі жоқ және рельстермен байланыссыз қозғалады. Қытай ғалымдары мұндай жетістікке он жылға жуық зерттеулердің арқасында қол жеткізді. Қытай инженерлері осылайша жаңа буынның жылдамдығы жоғары көлік жасауға жол ашылғанын мәлімдеді. Бұдан басқа, бірегей технология вакуумдық көлік жүйелерінде және аэроғарыш саласында қолданылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат