2050 жылға қарай әлемнің сулы-батпақты жерлерінің шамамен 20% жойылуы мүмкін
2050 жылға қарай әлемнің сулы-батпақты жерлерінің шамамен 20% жойылуы мүмкін
4 ай бұрын 1172 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ширек ғасырда әлем сулы-батпақты жерлердің 20%-нан айырылуы мүмкін. Ал мұның экологиялық және экономикалық салдары ауыр болады. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылыну салдарына, дәлірегі, құрғақшылықтан орын алған апаттардың ішіндегі ең қауіптісі де – осы. Өйткені, сулы-батпақты аумақтар экологиялық жүйенің ең құнды ресурсы әрі ең нәзік ресурсы. Сулы-батпақты жерлер турады конвенцияның соңғы баяндамасында келтірілген дерекке сәйкес 1970-ші жылдардан бері ажамзат сулы-батпақты жерлердің 22%-нан айырылып қалған. Ал бұл көрсеткішті нақты санға шаққанда 411 млн гектар. 25 жылда тағы сулы-батпақты аумақтардың тағы 20%-ы жо,алады. Сулы-батпақты аумақтар биологиялық әралуандылықты сақтауда, өмірлік маңызы зор қоректік заттармен қамтамасыз етуде, климатты тұрақтандыруда маңызды рөл ойнайды. Сулы-батпақты жерлерге батпақты аумақтар, өзен-көл, жасанды су айдындары, сондай-ақ, теңіздердің жағалау аймақтары кіреді. Олар жер бетінің шамамен 6% -ын алады, алайда, жаһандық жалпы ішкі өнімнің 7,5% -дан астамын қамтамасыз етеді. Бұл экожүйе таза су береді, су тасқынынан қорғайды, ауыл шаруашылығын ылғалмен қамтамасыз етеді және көміртектің орасан зор қоймасы. Алайда, климаттың өзгеруi мен адам қызметiнiң салдарынан олар кез келген басқа табиғи ландшафттарға қарағанда шапшаң жойылады. Климатты реттеуде мыңдаған жылдар бойы шымтезек шоғырларында көміртегі жинауға қабілетті батпақтар ерекше рөл атқарады. Томбы мемлекеттік университетінің Ирина Волкова есімді биология институтының доценті түсіндіргендей, батпақ - жаһандық климатты ұдайы салқындататын жалғыз ландшафт түрі. Батпақтарда ормандарға қарағанда көміртегі екі есе көп шоғырланған.

0 пікір
Мұрағат