2050 жылға таман адам ғұмырының қаншаға созылатыны белгілі болды
|

Lancet мерзімді басылымында аурулардың жаһандық ауыртпалығы туралы зерттеудің соңғы нәтижесі жарияланды. Болжам бойынша 2020-2050 жылдар аралығында күллі әлемде ерлердің жасы 4,9 жылға, ал әйелдердің жасы 4,2 жылға ұзарады. Бұл жайында islam.kz порталы Америка құрама штаттарының денсаулық көрсеткіштері және денсаулықты бағалау институты келтірген дерекке жөн сілтеген аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәліметке қарағанда, адам жасы тек жекелеген кей елдерде де ғана ұзарады. Бұған түрлі факторлардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету, жүрек-қан тамыр ауруларын емдеуге жетістіктер, инфекциялық аурулардың аалдын алу, әл-ауқатттың артуы, т.б. фактор себеп болған. Десе де болашақта адамдар бұрынғы буынға қарағанда ұзағырақ өмір сүргенімен денсаулықтары жақсы болмайды. Соның ішінде созылмалы аурулардан. 2000 жылдан бері мезгілсіз өлім құшудың (дәлірегі, жастай өмірден кету) негізгі себептерінің жартысы, яғни, 50%-ы организмнің зат алмасу процесінің (метаболизм) нашарлауына тиесілі. Егер адамзат дрыс тамақтанып үйренсе, саламатты өмір салтын ұстанса, 2050 жылға таман ауру ауыртпалығын 13,3%-ға төмендетуге болады.




