|
33 жыл бұрын жұбайын жалғыз қалдырған азаматтың жазасы ауыр болды
|
Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) қаласының соты 1983-жылы жұбайын тастап кеткен азаматты айыпты деп тауып, әйелінің жалғыздықта өткізген 33 жылы үшін өтемақы төлеуі тиіс деген шешім шығарды. Айыпталушы осыдан 33 жыл бұрын ұлы дүниеге келе салысымен оларды тастап кеткен көрінеді.
«Күйеуі отбасына 1983-жылдан бастап ешқандай қаржылық жәрдем көрсетпеген. Хабар-ошарсыз кеткен күйеуін тапқан жұбайы енді одан жалғыздықпен өткізген жылдарының қаржылай өтемақысын талап етіп отыр. Азаматша сот отырысына күйеуінің 33 жыл бұрын тастап кеткенін, өзінің осы жылдар ішіндей ешқандай қаржылай жәрдем алмағанын растайтын екі куәгер ертіп келген», - делінген араб елінің газеттерінің біріне сілтеме жасай отырып «әл-Арабия» арнасы хабар таратқан.
Сот айыпталушының айлық жалақысы 80 000 риал екенін ескере отырып, әйеліне 1,53 млн риал өтемақы (400 000 доллар) төлеуге міндеттеген. Ал, әкесіз өскен ұлына 1.34 млн риал төлеуі тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды