|
60 метр қашықтан өртті сөндіре алатын су зеңбірегімен жабдықталған робот құрастырылды (видео)
|
Қытайдың DEEP Robotics стартап өрт сөндіру үшін төрт аяқты және доңғалақты-адымдаушы боттарды қолдануға дайындалып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған компания осы мақсатта X30 және Lynx M20 платформаларын кеңйтетін болады. Робот қауіпті ортаға бірінші болып кіруге, ондағы жағдай туралы деректер жинауға және оларды командалық орталықтарға беруге арналған. Сондай-ақ, робот апат аймағында да байланыс ұстай алады және жабдықтарды тасымалдай алады. Негізгі мақсат – жағдайдың қаншалықты қауіпті екені әбелгісіз төтенше жағдайды бағалаудың бастапқы кезеңінде немесе жасырын қауіпте адамдар үшін қатерді барынша азайтуға саяды. Камера мен 3D-лидармен жабдықталған X30 жүйесі үй-жайды картаға түсіреді, оттың шыққан көздерін анықтайды және газ құрамын бақылайды. Ең бастысы - робот қашықтығы 60 метрге жететін және беру жылдамдығы секундына 40 литр болатын суарғыш қондырғымен өртті сөндіре алады, сондай-ақ, шлангілер, баллондар мен құрал-саймандарды алып жүре алады. Бұл жабдықтың салмағы маңызды. Әсіресе, тар көшелермен өрт сөндіру көліктері қиын сәттерде көмегін тинізеді. Бұл ретте боттар тұрақты емес ұялы байланысы бар аймақтарда әдеттегі байланыс құралдары іске аспайтын жерлерде байланысты өздігінен ұйымдастырылатын желі құрады. X30 баспалдақпен көтеріле алады және түседі, үйінділерді және еңістерді 45 градусқа дейін, биіктігі 20 см-ге дейінгі кедергілерді еңсереді, -20-дан +55 °C-ге дейінгі температура диапазонында жұмыс істейді, бұл артықшылық оны түрлі климаттық жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. Lynx M20 тегіс жерде жылдамдықты арттыру үшін және қандай да бір қиыылыстан өту үшін доңғалақпен де қозғала алады және жүре де алады, мұндай ерекшелік оны жедел әрекет ету үшін әмбебап құралға айналдырады. Екі платформа да төмен кідіріспен ДУ қолдайтын бұлтты басқару жүйесімен біріктірілген, деректерді тану және визуализациялау жүйелерімен кіріктірілген.