|
Адам жаратылғалы бері жер бетінде қанша адам өмір сүрген – зерттеу
|
Бүгінде адамзаттың саны 8 млрд-тан асады. Ғалымдар осы уақытқа дейін жер бетіне қанша адамның келіп-кеткені турасында есеп жүргізіпті. Бұл жайында islam.kz порталы Scientific American ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзаттың нақты санына қатысты дерек тек соңғы екі ғасырда жүргізілген халық санағы нәтижесінде ғана пайда болд. Бұрынғы ата-бабаларымыздың санына келсек, демографтар жанам белгілерді пайдалануды ғана қанағат етуіне тура келеді – елді-мекендердің жағлафиялық ауқымы мен халықтың тығыздығы, археологиялық айғақтар, т.б. негізінде болжам жасайды. Адамдардың жалпы санын бағалау үшін тарихты белгілі бір кезеңдерге бөледі және әрқайсысы үшін орташа санды есептеп шығарады. Содан кейін әр кезеңдегі адамдардың өмір сүру ұзақтығын ескереді және нәтижелерін қосады. Карл Хауб пен Тошико Канэда есімді сарапшылардың бағалауы бойыншаосы уақытқа дейін шамамен 117 млрд адам дүниеге келген. Бұл тараптағы зерттеу Population Reference Bureau басылымында жарияланған. Бұрынғы моделдер бойынша шамамен 93 млрд адам өмірге келген. Ал неміс ғалымдарының есеп-қисабына салсақ, шамамен 140 млрд адам өмір сүрген. Мағлұматтардың әрқилылығы мен айырмашылықтарының алшақтығына қарамастан қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан 8,2 млрд адам осы уақытқа дейін жер бетінде өмір сүргендердің шамамен 7% -ын құрайды.