Адам көмегінсіз масаны іздеп тауып жоятын дрон құрастырылды (видео)
Адам көмегінсіз масаны іздеп тауып жоятын дрон құрастырылды (видео)
38 минут бұрын 41 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, масалар безгек, Зика вирусы және Денге безгегін таратып, жыл сайын 1 000 000 адамның ажалына себепші болады екен. Бұл жайында islam.kz порталы Тechcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қолданыстағы әдістердің - мысалы, инсектицидтер мен тұзақтардың кем-кетігі шектеулері бар: химикаттар экология үшін қауіпті, тұзақтар пассивті және тиімсіз. Француз стартабы Tornyol Y-Combinator акселераторының қолдауымен масалармен салмағы 40 грамм тартатын автономды камикадзе дрондарының көмегімен күресуді ұсынады - шағын аппарат зияды жәндіктерді әуеден тауып көзін жояды, дәлірегі, ауланған масаны өз пропеллерлерімен ұсақтайды. Tornyol дроны өте белсенді: ол белгілі бір аумақты ультрадыбыстық сонар LeSonar2 32 сәулелегіш және 380 микрофон арқылы күзетеді, бұдан бөлек, қоршаған ортаның 3D-картасын жасайды және қанаттарының соғу жиілігі бойынша қансорғыштардың қозғалысын қадағалайды. Осының есебінен масаларды басқа ұшатын жәндіктерден, мысалы, көбелектен немесе бал арасынан ажырата алады. Дрон адамдар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз: ол соқтығысып қалу қатерінен қорғалған, яғни, арнайы құралмен жабдықталған және жабық пропеллерлері бар. Алайда, Tornyol дронының да елеулі техникалық шектеуі мен кем-кетігі бар. Ұшу уақыты - небәрі үш минут, зарядтау уақыты - 30 минут. Мұндай олқылықтар масалардың жаппай шабуылына тиімді тойтарыс беруге кедергі келтіреді. Құны - 1100 доллар немесе айына жазылу арқылы 50 доллар төлеп, аппаратқа қол жеткізе аласыз, десе де безгекпен күресте тиімсіз. Оның үстіне, жұқпалы індет тараған кедей аудандарда айына 50 доллар - көп ақша, ал тұрақты зарядтау сенімді электрмен жабдықтауды талап етеді. Сонымен қатар, ұшу аппаратының дыбысы ұйқыға бөгет жасап, түнде ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Аталмыш компания бір қондырғы екі гектарға дейін алаңды және стационарлық тұзақтарға қарағанда 100 есе тиімді қорғауға қабілетті екенін мәлімдеді, Қазіргі уақытта ғалымдар аппараттың ұшу уақытын ұлғайту бойынша жұмыс істеп жатыр.

 

0 пікір
Мұрағат