|
Адамның күніне қанша микропластикті жұтатыны айтылды
|
Ғяалымдар адамның пластикті қайда көбірек сіңіретінін анықтады: қалалық жердегі пәтер мен автокөлік салоны. Пәтер мен автокөлік салонындағы микропластик адам өкпесінің тініне дейін ене алады. Бұл жайында islam.kz порталы PLOS One мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ересек адам күніне диаметрі 10 микрометрден кем түспейтін 68 мың микропластикті жұтады. Бұрынғы тұжырымға қарағанда бұл – жүз есе жоғары көрсеткіш. Ғалымдар микропластиктің қайда көп шоғырланатынын анықтау үшін пластик жұрнақтарының құрамы мен өлшемін дәл айқындайтын раман спектроскопия деп аталатын құралды пайдаланды. Анықталған микропластиктердің 90 пайыздан астамының көлемі 10 мкр-ден кіші болған, тіпті. Титтей болғаны сонша, адам өкпесінің терең қтапарына ең қиындықсыз енген. Микропластиктің автокөлік салонындағы шоғырлану деңгейіне келсек, текше метрге шаққанда 2238 микропластиктен келген, ал пәтерде орташа есеппен алғанда текше метріне шаққанда 528 микропластик бөлшегі болған.