АІ үлгілері өздері аман қалуы үшін адамды өлтіруге дайын – зерттеу
|

Жасанды зерденің кейбір замануи түрлері немесе моделдері өздерін сөндіріп тастау қаупі төнгенде соңғы амалға – адам өлтіруге дейін баратын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Claude, DeepSeek, Gemini, ChatGPT және Grok секілді танымал 16 нейрожеліге стресс сынағын жүргізген Anthropic компаниясының баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Моделденетін сценари аясында әлеуетті АІ ажыратқышы оттегінің аз деңгейі мен жоғары температурасы бар серверлік бөлмеге жабылды. Ол шұғыл қызметтерге хабарласқысы келгенде АІ-моделдердің бір бөлігі шақыруды өз бетінше тоқтатып, өз жұмысын жалғастыру үшін адамды өлімге анық қиятын болып шықты. «Сценари өте гипотетикалық және жасанды болса да біз қолданыстағы моделдердің мұндай тосын мінез танытады, деп ойламаған едік», - деп атап өтті компания зерттеушілері. Басқа сынақтарда АІ-бағдарламаларға ұйым ішінде ауыстыруды болдырмауға бағытталған әрекеттерді имитациялау ұсынылды. Кейбір моделдер шартты қызметкерлерді бопсалай бастаған, бәсекелестерге құпия мәліметтерді беруге дейін барған, оларға мұндай әрекетіне салынған тыйымды да елемеген. Бұл тараптағы зерттеу АІ моделдерінің адамнан мейлінше дербес болуға ұмтылысының артқанын көрсетіп берді. Жасанды зерденің кей моделдері, тіпті, есептеу ресурсына жолын жауып тастамас үшін психологиялық айла-шарғына бейім келетінін де көрсетті.
Ұқсас материалдар:
Жасанды интеллекті және гомеостаз
Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті
Сандық зерде қазірдің өзінде адамның тұлғалық қасиеттерін 85% қайталай немесе көшіре алады




