Айдан 1 трлн доллардың байлығы табылды
Айдан 1 трлн доллардың байлығы табылды
1 ай бұрын 459 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жердің табиғи серігінің қазан шұңқырынан, яғни, кратерінен сирек кездесетін металдардың мол қоры табылды. Дәлірегі, 30 млн келі тартатын бұл байлық Айға ғарыштан қаңғып келген астероидтан табылған. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзінне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың есебінше, Ай қойнауында құны 1 трлн долллардан асатын платина, палладий, родий, т.б. элементтер кездеседі. Бұл бағытта Гарвардтағы астрофизика орталығы мен Бирмингем университетінің ғалымдары астероидтардың жер серігін қалай байытқанын тереңдей зерттеген екен. Жоба жетекшісі Жайан Уайасанкере ғарыштан Айға мұндай байлықтың тап болу тетігін түсіндіре келе металл астероидтерде темірдің едәуір бөлігі болатынын және темір құрамында платина элементі болатынын алға тартты. Ай бетіне соқтығысқанда бұл байлықтың елеулі бөлігі картерде қалып қояды. Астероидтер Айға құлағанда бұл байлық қалай сақталып қалды дегенге келсек, жердің табиғи серігінде атмосфера болмайтындықтан ғарыш денесі әуеде жанып кетпейді және Айда техтоникалық процестер болмайтындықтан мұндай байлық терең қойнауына кетпейді. Ай топырағында бір миллионға шаққанда құнды элементтер 100 бөлікке дейін кездеседі, ал салыстыру үшін салсақ, жерде жылына 600 тонна платиналық темір өндіріледі. Дегенмен, Жерден 384 400 шақырым қашық жатқан Айда мұндай байлықты өндіру қиындық тудырады: жердің табиғи серігінің гравитациясы жердегі гравитацияның алтыдан бір бөлігіне ғана тең – бұл қысым мен салмақ түсіру арқылы өндіруге негізделген үйреншікті әдісті қолдану қолайсыздық тудырады. Бұдан бөлек, судың болмауы да қосымша кедергі – платиналық металды өңдеу сұйықтықтың айтарлықтай мөлшерін қажет етеді. Бұған қоса, Айда құнды элементтердікоммерциялық мақсатта өндірудің құқықтық жағы нақтыланбаған: 1979 жылы қабылданған келісімге сәйкес Ай мен ондағы шикізат адамзаттың ортақ иглігі ретінде белгіленген және бекітілген. Ғалымдар бұл тараптағы Айдағы алғашқы операциялар Жерге жылына бірнеше тонна металл жеткізуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Айдан жеткізілген шикізат Жердегі нарықтық бағаға айтарлықтай әсер етпейді. Дегенмен, триллион байлықтың ашылуы ғарыш индустриясының жаңа дәуірін басталғанын білдіреді және алыс ғарышты игеру тәсілдерін өзгертуі мүмкін.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3