Әлем бойынша әуе компаниялары бір жолаушыдан 7,2 доллар таза пайда көреді
|

Сыртқы қысымдарға қарамастан, әлемдік авиация IATA болжамы бойынша, 2025 жылы пайда көлемін арттырады.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) 81-ші жалпы жиналысында (AGM 2025) осы жылға арналған авиация саласының жаңартылған қаржылық болжамы таныстырылды.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемдік макроэкономикалық және геосаяси тұрақсыздықтарға қарамастан, әуе компаниялары 36 млрд АҚШ доллары көлемінде таза кіріс әкеледі — бұл 2024 жылғы көрсеткіштен жоғары.
Негізгі көрсеткіштер:
- Таза кіріс: 36 млрд доллар (2024 жылмен салыстырғанда 3,6 млрд долларға көп)
- Таза рентабельдік: 3,7%
- Жолаушылар саны: 4,99 млрд (+4%)
- Жүк көлемі: 69 млн тонна (+0,6%)
- Отын: орташа бағаның 13%, бароеліне 86 долларға дейін
- Ұшақ паркі: тапсырыстағы әуе кемелері — 17 000+, жеткізу уақыты — 14 жылға дейін. 2025 жылы 1 692 ұшақ жеткізіледі (бұрынғы болжамнан 26% аз).
Үрдістер мен қауіптер:
- Отын бағасының төмендеуі —рентабельділікті арттырудың басты факторы
- Бәсекелестік пен арзан авиаотын салдарынан табыстылық деңгейі (yield) төмендеуде.
- Қосымша қызметтерден (жүк, тамақ, орын таңдау және т.б.) түсетін кіріс 6,7% өсуде.
- SAF (тұрақты авиациялық отын) тұтыну көлемінің тек 0,7%-ын ғана құрайды, бірақ құны күрт өсіп жатыр.
- Негізгі қауіптер: сауда және әскери қақтығыстар, халықаралық стандарттардың бөлшектенуі, мұнай бағасының тұрақсыздығы.
- Жолаушыдан түскен пайда ең жоғары өңір — Таяу Шығыс (27,2 доллар); ең төмені — Африка (1,3 доллар)
«36 млрд доллар көлеміндегі пайда көп көрінгенімен, жолаушыға шаққанда бұл небәрі 7,2 доллар — бұл сала сыртқы күйзелістерге әлі де тәуелді», — деп атап өтті IATA бас директоры Вилли Уолш.
Жолаушылардың авиацияға көзқарасы:
- 97% соңғы сапарға қанағаттанған
- 90% әуе қатынасын қазіргі заманғы өмірдің қажетті бөлігі деп санайды
- 81% саланың климаттық мақсаттарға шынайы ұмтылып жатқанына сенеді
Көп оқылғандар

■
Марокконың электронды визасы бір жарым млн-ға тарта өтініштің түсуіне ықпал етті

■
Қытайда сирек кездесетін ірі металл кеніші табылды

■
Екпе 25 жылда жұқпалы індеттен болатын өлім-жітімді 60%-ға азайтты

■
Жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген қуат бойынша Азия алда келеді

■
Қай елдерде жүктілік кезінде ажырасуға тыйым салынған?