Әлемде 2050 жылы шөлге айналған жерлер 90 пайызға артуы мүмкін
Әлемде 2050 жылы шөлге айналған жерлер 90 пайызға артуы мүмкін
5 ай бұрын 877 24.kz kaz.inform.kz

Кейінгі 20 жылда ғаламшардағы жердің 40 пайызы деградацияға ұшыраған, деп хабарлады 24.kz

БҰҰ мамандарының пікірінше, оған аптап ыстық пен құрғақшылық тікелей әсер еткен. Соның салдарынан 3 миллиардтан аса адамға азық-түлік жетіспей, су тапшылығынан зардап шегіп отыр. Панама соңғы екі жыл бойы бұрын-соңды болмаған құрғақшылықты бастан өткеріп келеді. Соның салдарынан елде тұщы су көлемі айтарлықтай азайып қалған. Атлант пен Тынық мұхиттарын байланыстыратын Панама каналы да тартылған. Осыған байланысты әкімшілік кемелердің қатынауына қатысты шектеу енгізді. Канал арқылы өтетін су көлігінің саны екі есе азайтылды. Мәселені шешу мақсатында енді ел билігі жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Биіктігі 80 метрден асатын бөгеттің құрылысына шамамен 1,6 миллиард доллар қаржы жұмсалмақ. Онда 1,5 миллиард текше метр су сақталады, дейді билік өкілдері. Сол арқылы құрғақшылық кезде транзиттік кеме санын арттырып, халықты ауызсумен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Айта кетейік, қазір Панамада 2,5 миллион адам таза су тапшылығын сезініп отыр.

Иракта су жетіспеушілігінен қақтығыс басталуы мүмкін

Иракта да су тапшылығы мәселесі байқалады. Былтыр миллиондаған тұрғынды сумен қамтамасыз етіп келген  Тигр және Евфрат өзендерінің деңгейі күрт азайып кетті. Мамандардың айтуынша, көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға төмендеген. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі суармалы алқаптар аумағын 2 есе қысқартуға мәжбүр. Жергілікті билік мәселені шешу үшін өзендердің бастауында орналасқан Түркия мен Ираннан көбірек су жіберуді сұрады. Алайда одан нәтиже болмады. Осы ретте Water Peace and Security partnership институты аталған мәселе бейбіт жолмен шешімін таппаса, көз ұзамай аймақта тіршілік көзі үшін қақтығыс тууы мүмкін екенін айтады. БҰҰ:

Әлемде 2050 жылы шөлге айналған жерлер 90 пайызға артуы мүмкін

БҰҰ: 2050 жылға қарай шөлге айналған жер аумағы 90 пайызға артуы мүмкін Құрғақшылық пен шөлейттену әлемдегі ең жойқын табиғи апаттардың бірі. Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері осылай дейді. Себебі соның кесірінен егін құрдымға кетіп, орман өрті жиілеуі мүмкін. Су тапшылығы тағы бар. Ал ол халықтың азық-түлік қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. Сондықтан шұғыл шара қабылданбаса, 2050 жылға қарай жер жүзі бойынша шөлге айналған алқаптар көлемі 90 пайызға артуы мүмкін. Кейінгі 20 жылдың өзінде құрғақшылық 29 пайызға жиілей түскен. Өз кезегінде ЮНЕСКО-ның жыл басында жасаған есебіне сәйкес, әлем бойынша 2 миллиардтан астам адам таза ауызсуға зәру. 3,5 миллиард азамат қауіпсіз санитарлық жағдаймен қамтамасыз етілмеген.

Қытайдың шөлейттенуге қарсы күрес шаралары тиімділігін көрсетті

Қытай тозған жерлер аумағының артуына жол бермеген әлемдегі алғашқы мемлекетке айналды. Шығысымыздағы көрші елдің мұндай жетістікке қалай жетті? Қытай – шөлейттенуден ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Сондықан мемлекет мәселені шешу бойынша іс-шараларды күшейткен. Сөйтіп, кейінгі 40 жылда шөлге айналған 4 млн гектар алқапты қалпына келтірді. 80 мың гектар аумақта 14 млн ағаш егілген.

Цзя Цуньпэн, Юйтянь уезінің орман шаруашылығы басқармасының жетекшісі: - Шөлейттенумен күрес аясында біз сексеуіл, қызыл тал сияқты ағаштарды отырғыздық. Бұрын егістік жерлері болмаған өңірлерде өсімдіктер ектік. Бұл тек табиғи ландшафттың жақсаруына ғана емес, шаруалардың табысының артуына да септігін тигізді.

Шығысымыздағы көршімізде шөлейттенуге қарсы күрес мақсатында 300-ге жуық жоба іске асырылған. Солардың ең ауқымдысы – «Үш солтүстік қорғаныс белдеуі». 1978 жылы басталған бұл жоба 2050 жылға дейін жалғасуы тиіс. Ол елдің солтүстігінде ормандарды қалпына келтіріп, топырақ эрозиясымен күреске бағытталған. Бұдан бөлек, Қытайда ормандарды отаумен күрес күшейтілген. Мұнда шөлейттенуге қарсы әлемдегі ең алғашқы заң қабылданған. Көршіміздің тозған жерлерді тыңайтудағы технологияларының да тиімділігі жоғары. Мысалы, солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында тамшылатып суару және құмды бөгеттер әдісі кеңінен қолданылады.

У Бо, Қытайдың орман шаруашылығы академиясының шөлейттенуге қатысты зерттеулер институтының директоры: - Қытайдың шөлейттенуге қарсы күрес шараларын «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасына қатысатын Орталық Азия елдері қолдана алады. Африка мемлекеттеріне де көп көмегі тиюі мүмкін. Мысалы, сабанды шөл далаға шахмат тәртібінде орналастыру әдісін пайдалануға болады. Ол қолдану жағынан ыңғайлы, тиімділігі жоғары әрі тез нәтиже береді.

Қолда бар мәлімет бойынша бүгінде ғаламшарымыздағы жердің 75%-ке тозған. Бұл 3 млрд-тан аса адамның өміріне әсер етіп отыр. ЮНЕСКО дерегінше, 2050 жылға таман құнарлылығын жоғалтқан жерлердің көлемі 90%-ке дейін артуы мүмкін. «Мұның бәрі биоалуантүрлілік пен адамдардың өміріне қауіп төндіреді», - дейді мамандар.

Авторы: Жулдыз Атагельдиева

46 жылдық науқан: Қытайдағы ең үлкен шөл ағашпен қоршалды

KAZINFORM – Қытай елдегі ең үлкен Такла-Макан шөлін жасыл желектендіру бойынша 46 жылдық науқанын аяқтады. Аталмыш жоба елдің шөлейттенумен күресу және көктемде елдің біраз бөлігінде жүретін құмды дауылдарды азайту үшін қолға алынды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Шыңжаңның солтүстік-батысындағы шөлдің оңтүстік шекарасының кейінгі 100 метріне ағаш отырғызу арқылы Такла-Макан шөлін қоршап тұрған 3 000 шақырымдық «жасыл белдеу» жобасының аяқталғаны атап өтілді.

Шөлді ағаштармен қоршау жұмыстары 1978 жылы халық арасында «Ұлы жасыл қорған» деген атпен белгілі «Үш солтүстік қорғау белдеуі» жобасы аясында басталған. Осы уақыт ішінде 30 миллион гектар аумаққа ағаш отырғызылды.

Елдің құрғақ солтүстік-батысында ағаш отырғызудың арқасында Қытайдың жалпы орман алқабы өткен жылдың аяғында 25 пайыздан асты. Бұл көрсеткіш 1949 жылы шамамен 10 пайызды құраған. Тек Шыңжаңда кейінгі 40 жылда орман үлесі 1 пайыздан 5 пайызға дейін өсті. 

Такла-Макан шөлінің шетіне көшеттер отырғызу жалғасады. Сонымен қатар шөлдің батыс шекарасындағы ауылшаруашылық жерлері мен саябақтарды қорғау үшін жаңа орман желілерін құру жоспарланып отыр. 

Деректерге сүйенсек, Қытайдың ағаш отырғызудағы белсенді әрекетіне қарамастан, ел аумағының 26,8 пайызы әлі күнге дейін «шөлейт» санатына жатады. Бұл көрсеткіш 10 жыл бұрын 27,2 пайыз болатын. 

Осыған дейін Қытай 2031 жылы Марстан топырақ үлгілерін алуды жоспарлап отырғаны туралы жаздық.

Жарасқан Нұрыбаев

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3