Әлемде алғаш рет сутегімен жүретін кибер ат пайда болды (видео)
Әлемде алғаш рет сутегімен жүретін кибер ат пайда болды (видео)
3 ай бұрын 822 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің Kawasaki Heavy Industries компаниясы Osaka-Kansai Expo 2025 көрмесінде бірегей құрылғысын - мінуге арналған, сутегі қозғалтқышы бар төрт аяқты Corleo роботын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Shazoo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инновациялық тұжырымдама жасанды зерде пен экологиялық таза энергетикалық технологияларды ұштастырады. Corleo-ның төрт автономды (дербес жұмыс істейтін) роботталған аяғы немесе сирағы ойлы-қырлы жерлерде теңселмей бір қалыпты қозғалуға мүмкіндік береді. Әрбір аяқ-қол немесе сирақтары жеке жұмыс істейтіндіктен роботқа ойлы-қырлы және өтуге қиын жерлерді оңай еңсеруге мүмкіндік береді. Робот ат қозғалуына қажетті электр энергиясын өндiретiн, көлемі 150 текше метр сутекті қозғалтқышпен жабдықталған. Бұл тәсіл таза энергияны пайдалана отырып, Corleo-ны жолсыз жермен жүретін экологиялық платформа ретінде танытады. Сorleo құрылымы металл мен көміртекті материалдардан жасалған корпусты қамтиды. Алдыңғы бөлік түрлі жарықта (немесе күңгірт кезде) төңіректі жарық ету үшін орнатылған фаралары бар қалқанмен жабдықталған. Corleo өзіне мінген адамның дене қимылын бағып, соған сай қозғалады. Орталық ауырлық күші роботқа қадамын дұрыс алуына көмектеседі. Дисплейде сутегінің мөлшері, навигация (бағыт-бағдары), өзіне түскен салмақ, т.б. туралы ақпарат шығып тұрады. Роботтың тұяқтары резеңкедеен жасалған. Жұмсақ жәрде, тайғақ жерде де, қатты жерде де бірқалыпты қозғалуыға мүмкіндік бередлі. Робот ат шын жылқы секілді кедергіден аттап (қарғып) өте алады. Corleo-ның нақты жылдамдығына қатысты дерек әлі жоқ. 2050 жылға таман нарыққа жол тартатын болады.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3