|
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
|
Түркияның Baykar Makina қорғаныс компаниясы құрастырған Bayraktar Kızılelma реактивті, дыбыстан жылдам ұшатын, ұшқышсыз ұшатын жойғыш ұшағы тарихта алғаш рет ұшақты атып құлатты. Бұл жайында islam.kz порталы Türkiye Gazetesi (turkiyegazetesi.com.tr) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Синоп қаласының полигонында өткен сынақ барысында реактивті қозғалтқышпен жабдықталған ұшақты әуеде Kızılelma ұшқышсыз ұшу аппаратына кіріктірілген ASELSAN MURAD AESA радары қалт жібермей қадағалап, мейлінше дәлдікпен “ауа-ауа” зымыранымен атып түсірді. “Бірде-бір ұшқышсыз ұшу платформасы осы уақытқа дейін әуеде нысанға дәл соққы бере алған емес” деп айтылған хабарламада.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді