|
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
|
Осы заманғы Android- құрылғысына сыртқы түрі жағынан ұқсайтын Солтүстік Корея қалта телефоны пайдаланушыны бақылайтын және ресми насихатты тарататын құралға айналған. Бұл жайында islam.kz порталы SuperCarBlondie ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Mrwhosetheboss атпен танымал блогер әлемдегі ең жабық ел - Солтүстік Кореядан сирек кездесетін екі смартфонды қолға түсірудің амалын тапқан екен. Олардың ерекшеліктерімен видео шолуда бөлісті. Сырттай алғанда, құрылғылар әдеттегі Android смартфондарына ұқсайды, алайда, олардың функциялары әдеттегі гаджеттерден айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл телефондар тек байланыс құралы ғана емес. Олар қатаң бақылауда ұстайтын және мемлекеттік насихатты қолдау құралы ретінде алға шығады. Мысалы, құрылғы пернетақтасында Оңтүстік Кореяның атауын теруге тырысқан кезде ол автоматты түрде «Марионетка мемлекет» деп ауыстырылады. Танымал сөздер мен сленг де сүзгіден өтеді. Скриншоттар функциясы ерекше назар аударады: телефон экраны әр бес минут сайын суретке түсіріп, оларды жасырын қалтада сақтайды. Интернет жоқ - құрылғылар мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына, насихат материалдарына және мақұлданған қосымшаларға ғана қосылады. Осындай қатаң шектеулеріне қарамастан телефонның техникалық жағы мінсіз деуге болады. Сөзінің соңында блогер солтүстік кореялықтар үшін осындай телефонның өзі екінің бірінің қолы жете бермейтін, тым қымбатқа түсетінін алға тартып отыр.