|
Әлемдегі ең тайғанақ әжетхана жасалды. Артықшылығы неде? (видео)
|
Ухан қаласында орын тепкен Хуашын ғылым және технология университетінің инженерлері тайғанақтығы сонша, тіпті, кейде суын ағызбай-ақ ешқандай із қалдырмайтын әжетхана жасады. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 3D-моделді әжетхана материалы үшін пластик пен су жұқтырмайтын (яғни, гидрфобты - ылғалды нәрсеге жабыспайтын) құм түйіршіктерін пайдаланды. Ал беткі жағын материалға сіңген силикон майымен қаптаған. Қосымша тазалауды қажет етпейтін мұндай әжетхананың артықшылығы – суды үнемдеуге көмектеседі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді