Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне шегірткенің төндірер қатері артып келеді
Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне шегірткенің төндірер қатері артып келеді
2 ай бұрын 489 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қара бұлттай қаптаған шегіртке үйірінің жылдан жылға егістік алқаптарына «шабуылынан» жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Дәлірегі, жаһандық жылынуға астыққа зиянкес жәндіктердің өсіп-өнуіне, көбеюіне, таралуына ықпал етуде. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінде жарияланған сигнапурлық және қытай ғалымдардың мақаласында айтылғандай, орташа ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашынның көптігінен зиянкес жәндіктер көбейіп, Африка құұрлығы мен Азияның оңтүстігіндегі егістікті тып-типыл етіп жайпап кетуде. Бір мезгілде арасы қашық Үндістан мен Марокка аумағында қатар шабуылдайтын деңгейге жеткен. Азия мен Африка дәнді дақылдар молынан өсірілетін аймақтар болғандықтан ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігінің алдын алуда зиянкес жәндіктерден келетін шығынды азйтудың маңызы зор. Бір шаршы шақырымға шаққанда 80 млн шегіртке күніне 35 мың адамды тамақтандыруға жететін астықты жайпап кетеді.

0 пікір
Мұрағат