|
Әлемдік мұхиттың жылынуы климат дағдарысын тереңдетеді
|
2023 жылы әлемдік мұхит температурасы рекордты деңгейге жеткен болатын. Осылайша климат дағдарысын одан ары тередетін құбылыс орын алды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Daily ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген қытай ғалымдары әлемдік мұхиттың жылу толқынына ұшыраған аумағы 96 пайызға жеткенін әрі бұл эффекті әдеттегіден төрт есе ұзақ уақыт орын алғанын мәлімдеді. Соның ішінде Солтүстік Атлант мұндай толқынның әсеріне ұшыраған күндер саны 525-ке жеткен, ал Тынық мұхитының шығыс бөлігі осындай ауытқудан су температурасы 1,63 градусқа жылыған. Ғалымдардың пікірінше, әлемдік мұхиттың жылынуына ондағы ағыстардың өзгеруі, желдің бәсеңдеуі, бұлттың азаюы себеп болып отыр. Мұхиттың жылынуынан ең алдымен ондағы экологиялық жүйе заржап шегеді, дәлірегі, балықтар мен теңіз жануарларының популяциясы азаяды әрі олардың дене тұрқы кішірейетен болады.