|
Аралар жойылуы мүмкін
|
Америкалық ғалымдар Солтүстік Америка мен Еуропада аралар популяциясының күрт азайып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл жайында Science ақпарат көзі хабар таратты. Мамандар осы бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аталған құрлықтағы аралардың 66 түрін зерделеген екен. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жаһандық жылыну салдарынан орын алған климат өзгерісінен ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын көбейгендіктен аралардың тіршілік ету ортасы тарылып барады. Аралар салқын әрі ылғалды жерде тіршілік етеді. Құрғақшылықтан аралар қолайлы жерге қоныс аударып үлгермей тұтас колониясымен қырылып жатыр. Сарапшылардың есебінше, қоныс аударып үлгермегендіктен аралардың қырылуы сегіз есеге артқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті