Артық салмақ қосылуының тағы бір себебі айтылды
Артық салмақ қосылуының тағы бір себебі айтылды
20 сағат бұрын 176 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамның асқа тәбеті тартпаса да артық салмақ жинауы мүмкін. Бір себеппен – жоғары температура. Әсіресе, адам көп уақытын өткізетін бөлме ішіндегі температура жоғары болса. Бұл жайында islam.kz порталы Communications Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Басты себеп – ыстық бөлмеде организм энергиясы көп бөлнбейді. Керісінше салқын бөлмеде организмнің зат алмасу процесі шапшаң жүреді. Бұл бағытта жануарларға жүргізілген тәжірибе барысында зерттеушілер температураның көтерілуіне әсер ететін гипоталамустағы нейрондар тобын тапты. Олардың белсенділігі қанығу сезімін арттырды, сондықтан жануарлардың қоректі азырақ тұтынатыны анықталды. Алайда, сонымен бір мезгілде дененің температурасын ұстап тұруға жұмсалатын энергия шығыны азайды. Бұл әсер тұтынылатын қорек мөлшерінің азаюынан болатын әсерден де күштірек болып, нәтижесінде салмақтың түсуіне ықпал етуі мүмкін. Ғалымдар ауа температурасы дене салмағына әсер ететін, бағаланбаған фактор немесе жете ескерілмеген фактор екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат