Ауадағы CO2-ні күн сәулесінің көмегімен экологиялық отынға айналдыратын реактор жасалды
Ауадағы CO2-ні күн сәулесінің көмегімен экологиялық отынға айналдыратын реактор жасалды
5 ай бұрын 1547 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тарихы терең, әлемге әйгілі іргелі оқу ордаларының бірі - Кембридж университетінің ғалымдары көмірқышқыл газын тікелей атмосферадан аулап, оны күн сәулесін энергия көзі ретінде пайдалана отырып, экологиялық таза отынға айналдыруға қабілетті реактор әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Darth Sahara ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде климат дағдарысына және қазба отынға тәуелділікке қарсы күресте нақты жетістікке бастайды. Бірегей реактор түнде ауадан CO2 аулайтын арнайы сүзгілермен жабдықталған жүйеден тұрады. Күндіз күн сәулесі инфракызыл сәулені сіңіріп, ауланған көмірқышқыл газын қыздырады, ал жартылай өткізгіш ұнтақ ультракүлгін сәулені сіңіріп, СО2 газға айналдыратын химиялық реакцияны іске қосады. Реактордың айнасы күн сәулесін шоғырландырап, процестің тиімділігін арттырады. Бұл бағыттағы зерттеуге жетекшілік еткен Ербін Райснер есімді профессор аталмыш технологияның көміртекті аулайтын мен сақтайтын (CCS) артықшылықтарын атап өтті. Оның айтуынша, CCS энергияны көп тұтынады әрі қымбат процесс, сонымен қатар, бастапқыда климат дағдарысына себеп болған қазба отынды жағуды жалғастыруда. Бұдан басқа, CCS циркулярлық емес процесс, яғни, ұдайы жүзеге аса бермейтін процесс, өйткені, CO2-ні жер астында сақталып жата береі, ешқандай пайда әкелмейді. Қазіргі уақытта ғалымдар синтез газын сұйық отынға айналдыру бойынша жұмыс істеп жатыр: оны атмосфераға қосымша CO2 бөлмейтін автокөлік, ұшақ және басқа да көлік құралдарының жұмысы үшін пайдалануға болады. Ең бастысы – дербестігі. Яғни, бұл жүйе толвқ автономды. Бұл ерекшелігі оны орталық энегриямен қамтамасыз ету көздерінен жырақ жатқан шалғай өңірлерде пайдалануға қолайлы етеді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3