Әуеге ерекше автокөлік көтерілді (видео)
Әуеге ерекше автокөлік көтерілді (видео)
4 ай бұрын 641 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың желтоқсан айында австриялық CycloTech компаниясы адам ақылына сыймайтын, ерекше автокөліктердің бірін – Blackbird моделін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techno-news.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш автокөліктің әзірге отыратын орындығы жоқ, жазғы сынағы сәтті аяқталды. Жоба күйінен алғашқы прототипіне дейін бар-жоғы 11 ай уақыт кеткен айрықша автокөліктің салмағы 340 келі тартады. Болашақта бір ұшқыш пен бір жолаушыға шақталуы мүмкін. Сағатына 150 шақырым жылдамдықпен қозғалуы тиіс автокөлік бір зарядпен 100 шақырымға дейін ұша алатын болады. Ең қызығы - «Циклоротор» деп аталатын құрылғысында: CycloTech компаниясының білікті мамандары 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бөшке тәрізді ротор түріндегі күш қондырғысы турасында сөз болып отыр бұл арада. Ол қалай жұмыс істейді? Әрбір қуат қондырғысы белгілі бір  (тұрақты) жылдамдықпен айналады, ал оның қабырғалары қатты емес және Войт-Шнайдер винттері түріндегі қисық қалақшалардан тұрады. Тікұшақтағы сияқты «циклоторлардағы» қалақшалар бөшкелердің айналуына қарай үнемі реттеліп отырады. Қозғалтқыштың тартымы 360 градустық еркіндікпен өзгеретіндей әрбір сұқпаның мейлінше дәл реттелуін қамтамасыз ету үшін арнайы конструкция қолданылады. Қаланың айналуға келмейтін тар немесе кедергісі көп шектеулі ортасында желге қарсы тепе-теңдігін жолғалтпайтын болады. Ең бастысы, ол үшін қосымша уақыт қажет емес – кәдімгі винттер тартымдылығын (тартылысын) арттыру үшін біртіндеп спининг жасауы керек.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3