Автокөлікті тарта алатын титтей «пластыр» тоқылды (видео)
Автокөлікті тарта алатын титтей «пластыр» тоқылды (видео)
19 күн бұрын 750 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары ежелгі тоқыма өнеріне қарай отырып, мейлінше берік желім әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада тырнақ көлеміндей бөлігінің өзі автокөлікті тарта алатын өте тиімді полимер материалы турасында сөз болып отыр. Шенжен университетінің ғалымдары қатты әрі аса берік материалдан икемді полимерлік өрімді молекулалық деңгейде әзірлей алған. Ғалымдар негізгі жіп секілді икемді полиуретан тізбектерін және көлденең жіп ретінде эпоксидті шайырдан жасалған қатты тізбектерді пайдалана отырып, «тоқу» әдісін әзірледі. Мұндай тоқыма үлгісі берік материал жасауға көмектесті. "Мұндай молекулалық сәулет материалды пайдаланудың керемет сипатын қамтамасыз етеді. Желім ретінде пайдаланған кезде материал басқа үлгілерінен екі еседен астам жоғары беріктігін көрсетті", - деп жазады авторлар. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында көлемі 1,3 сантиметрге тең желімнің кішкене бөлігі салмағы 2,1 тонна тартатын автокөлікті орнынан қозғап, сүйреп шығара алды.

 

0 пікір
Мұрағат