Азық-түліктің жарамдылығын едәуір ұзартатын технология пайда болды
|

Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары азық-түліктің сақтау мерзімін ұзартуға арналған тың әдіс ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде baku.ws ақпарат көзіне жөн сілтеген EastFruit сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл біргей технология мелатонинді өсімдік тініне енгізу үшін жібектен әзірленген микринені пайдалануға негізделген. Аталмыш технология тағам өнімдерін жаппай салқындатуды қажет етпейді. Өзгеше тәсіл табиғи жібектен әзірленген матрицалық жапсырманы қолдануды ұйғарады. Матрицаның әрқайсысында кездесетін жүздеген миллиметрден кіші микроинелер жемістер мен көкөністердің сыртқы қабығына енгенде өсімдіктерге зиян келтірмейді және тітіркендірмейді. Микроинелер өсімдіктердің қорғаныш тетігін реттейтін және қартаю процесін баяулататын антиоксидантты, яғни, мелатонинды өсімдік жасушаларына жеткізеді. Айрықша зерттеуге атсалысқан Жонатан Ким есімді ғалымның айтуынша, жібектен жасалған мұндай пластыр (жапрысра) қоршаған ортаға зиянсыз, яғни, биологиялық тұрғыдан ыдырап кетеді. Болашақта мұндай пластырлар ауыл шаруашылығына арналған дрондардың немесе роботтардың көмегімен жиын-терін кезінде автоматты түрде қолданылатын болады. Бұл бағыттағы қрылымы жылдам бұзылатын көкөністерге тәжірибе жүргізілген екен: өңдеуден өткендері бөлме температурасында төрт күн артық сақталған, ал тоңазытқышта өңделмеген түріне қарағанда он күн артығымен сақталған. Өсімдіктің салмағы кемімеген, солмаған, түсі оңып кетпеген, т.б. қысқасы барлық қасиетін сақтаған, яғни, балғын күйінде қалған. Бұл жаңалық ең алдымен жаһандық ажылынуға және адамзат санының көбеюіне байланысты орын алған азық-түлік қауіпсізідігіне төнген қатердің алдын алуға, сондай-ақ, өнімді сақтау мерзімін ұзарту үшін салқындатуға кететін энергияны үнемдеуге (энергия өндіру үшін атмосфераға парникті газдарды бөлетін энергия өндірісінің кері әсерін азайтуға) мүмкіндік береді.




