|
Балаларды намазға жығудың өзгеше тәсілі
|
Мысырдың Бекейр аумағында орын тепкен мешіт мектеп жасындағы балаларды мешітте намаз оқуға ынталантыратын ерекше әдісті қолға алды. Нақтырақ айтқанда, Даманқұр қаласындағы Нессер мешіті 10-14 жас аралығындағы балаларға 40 күн бойы арасын үзбей таңғы намазды мешітте оқыған балаларға 55 доллар мөлшерінде сыйлық тағайындап отыр. Аталмыш мешіт өкілі Мұхаммед Аллиамның айтуынша, балаларды имандылыққа тәрбиелейтін мұндай жарысты ұйымдастыру үшін 550 доллар садақа берген көрінеді. Бұл жайында Al Bawaba ақпарат көзі хабар таратты. Аталған елді-мекен тұрғындары бұл бастаманы құптап, қолдау көрсетіп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті